АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы қалалық және облыс орталықтарындағы пошта қызметкерлері смартфондармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.
«Смартфон не үшін керек? Біз пошта қызметкеріне берілген смартфонға тапсырыстар туралы мәліметті жіберіп отырамыз. Сонымен қатар ол затты жеткізгендігі туралы деректерді белгілейтін болады. Атап айтқанда, смартфонмен бірге арнайы принтерді де береміз. Ол арқылы пошта қызметкері түбіртектерді басып шығарады. Пошта қызметкері коммуналдық қызметтерге және басқа да қызмет түрлеріне төлемдерді қабылдай алады», - деді Б.Мусин.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.