Қазақстанның Православ шіркеуінің басшысы діндарларды Рождество мейрамымен құттықтады

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр діндарларды Рождество мейрамымен құттықтады.

«Рождество мейрамы біздің отбасыларымызға, елордадағы және шалғайдағы әр ауылдың тұрғындарына, кәсіпорындар еңбеккерлеріне, диқандарға, Отанымыздың бейбіт және еңбек сүйгіш халқына ізгілік нұрын сепсін!

Өткен жылды Қазақстанның православ халқы бірқатар тарихи оқиғалармен атап өтті. Еліміздің барлық халқымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік...

Жаңа 2012 жылы Қазақстанның барлық халқына денсаулық, ізгі істері мен бастамаларына Жаратқанның медет беруін тілеймін», - делінген  Астана және Қазақстанның Митрополиті Александрдың құттықтауында.

Елбасы Жарлығымен 7 қаңтар - Рождество мейрамы ,мереке күні болып белгіленген.