Сейсенбі, 18 қазанда, түстен кейін К.Мәсімов ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысады. Кездесулер барысында Достастық үшін маңызды бірқатар мәселелерді қарастыру жоспарланып отыр, оның ішінде еркін сауда аймағы туралы Келісімді дайындау барысы, ТМД экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиясының екінші сатысын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары бар.
Келесі күні, 19 қазанда, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыстарында әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге бағытталған бірлескен шаралар жоспарының орындалуы, сонымен қатар қоғамдастықтың жаңа органы - ЕурАзЭҚ сотын құру мәселесі қаралады.
Үкімет басшылары деңгейіндегі Кеден одағы Жоғарғы органының отырыстары барысында Бірыңғай экономикалық одақ құру туралы декларация жобасын қарау, Кеден одағы Комиссиясы туралы келісім жобасының келісілу барысы және өзге де мәселелер талқыға салынбақ.