деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы достық өзара қатынастардың оң даму барысын атап өтті және екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қолдағы бар әлеуетін дамыту қажеттігіне назар аударды. Бұдан басқа әңгіме үстінде білім саласындағы өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ойдағыдай дамитынына сенімдерін білдірді.