Қазақстан Елшісі Зауытбек Тұрысбеков, Ресей Федерациясындағы қазақстандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары және дипломатиялық өкілдік қызметкерлері алғашқылардың қатарында дауыс берді.
З.Тұрысбековтың айтуынша, бұл учаскеде бүгін 1800-ден астам адам дауыс береді, олардың денін ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер құрайды.