Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қонақтарды Жеңіс күнімен құттықтаған Елші, оларға жанқиярлық ерліктері үшін алғыс білдірді. Және қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін атап көрсетті. «Сіздердің ерліктеріңіз, Отанға, халыққа берілгендіктеріңіз бүгін де - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің берік негізі, нағыз патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі», - деп атап көрсетті З.Тұрысбеков өз сөзінде. Елші ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
Бұл күні сондай-ақ Қазақстан Елшілігінде «Жеңіс мұрагерлері» акциясы арасында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының қолдауымен Астана мен Алматының арасында телекөпір өтті. Қос елорданың ардагерлері тікелей эфир арқылы бір-бірімен шүйіркелесті, соғыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті және барша халықты Ұлы Жеңіс тойымен құттықтады.