Қазақстанның Ресейдегі елшісі мен Мәскеу мэрі сібір өзендерін Орталық Азияға бұру туралы мәселені де талқылады

None
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Қазақстан Республикасыны Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың қыркүйектің 17-сі күні болған кездесуі барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгіме барысында Оңтүстік Қазақстан облысы мен Мәскеу қаласының экологиялық таза жеміс-көкөніс өнімдерін биоконтейнерлерде өсіру бойынша бірлескен жобаларының нәтижелері айтылды.

Алдағы жылдары өнімдердің қолдану аясын кеңейтіп, өсірілген жеміс өнімдерін Мәскеу дүкендеріне сатуға қою жоспарланған.

Ю.Лужков сәйкес қызмет органдарына қазақстандық экологиялық таза жеміс өнімдерін жүзеге асыруға арналған бөлшек сауда базары мен «Қазақстан» мейрамхана кешенінің құрылысы үшін жер бөлуді тапсырды.

Жақында Өскеменде өткен VII аймақаралық ынтымақтасық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сібір өзендерін Орталық Азияға бұру мүмкіндіктері туралы айтқан ұсынысын жүзеге асыру аясында тараптар қазақ ғалымдарының «Солтүстік-Оңтүстік» магистраль су жолының құрылысы туралы бастамасын талқылады.