Қазақстанның Ресейдегі елшісі сайлауға бірінші рет қатысып отырған жастарға ескерткіш сыйлықтар табыс етті

МӘСКЕУ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты Қазақстанның Ресей елшілігі жанындағы №143-ші сайлау учаскесінде дипломатиялық өкілдік басшысы Зауытбек Тұрысбеков сайлауға бірінші рет қатысып отырған жастарға ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Мәскеу мемлекеттік кен университетінің студенті Кирилл Кондратенко мен Халықтар достығы Ресей университетінің студенті Динара Сәдуақасова ескерткіш панноға ие болды. Студенттер дипломатиялық өкілдік басшылығына алғыстарын білдіре келе, бүгінгі сайлаудың жастарға үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын атап көрсетті.