Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінен хабарлағандай, З.Тұрысбеков дипломаттарды Кеден одағының жұмысы мен Ресей, Қазақстан және Беларус елдері арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы мен Қазақстандағы сайлауалды науқан турасында айтып берді.
Өз кезегінде меймандар барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, Қазақстан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.
Бразилия Елшісімен әңгіме барысында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жайы әңгіме арқауына айналды. Брунейдің Елшісі болса, екіжақты байланысты одан әрі дамыту қажеттілігіне тоқталып, Қазақстан ағымдағы жылы Ислам конференциясы ұйымына ойдағыдай төрағалық ететіне сенім білдірді.