Қазақстанның, Ресейдің және Беларустың делегациялары Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысуда
Кездесуге Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ үкіметтердің және ықпалдастық жобаларды жасауға қатысқан сарапшылық топтардың өкілдері қатысуда.
Кездесуді ашқан РФ Президенті Дмитрий Медведев таяу уақытқа жұмыс көлемі анықталғанын атап өтті. Перспективада елдер басты міндет - Еуразиялық экономикалық одақты құру мәселесін шешу деңгейіне шығуы тиіс.
«Бізде кесте бар. Түсіністік те бар, - деді ол. - Бүгін ұлтүстілік орган - Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің алғашқы кездесуі басталды. Біз жаңа тетік - Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылдың басынан жұмысқа кірісуіне және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың басталуына мүмкіндік беретін шешімдер қабылдауымыз қажет».
Кеден одағының «үштік» делегациясы 2012 жылдың қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті бастау мәселесі бойынша бірлескен іс-қимылдарын келісу, тиіс ,сондай-ақ экономикалық сипаттағы сыртқы қауіптерге бірлескен ортақ ұстанымдарды пысықтайды. Сонымен қатар мүше-мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы жағдайындағы Кеден одағының жұмыс форматын қарайды.