Қазақстанның Ресейге экспорты 28 пайызға қысқарды - Экономикалық даму және сауда вице-министрі

АЛМАТЫ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресеймен тауар айналымында биыл кері қозғалыс жүріп жатыр. Бұл жайлы ҚР Экономикалық даму және сауда вице- министрі Тимур Жақсықов бүгін Алматыда өтіп жатқан министрлік жанындағы Экономикалық ықпалдастық мәселелері бойынша жедел штабтың алғашқы отырысында айтты.

«2011 жылы сыртқы сауда 38 пайызға өсіп, 126 млрд. долларды құрады. Тауар айналымының өсуі экспорт пен импорттың ұлғаюымен қолдау тапты. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын табуда. Алайда, Ресеймен тауар айналымы биыл 4,4 пайызға қысқарды. Ол қазақстандық экспорттың қысқаруына байланысты. Статистикалық деректерге қарағанда, Қазақстанның Ресейге экспорты 28  пайызға қысқарды. Ол нақты тауарларды шығаруға байланысты», - дейді Т.Жақсылықов.

Оның айтуынша, Ресейге экспортталатын темір кені концентраты 161 млн. долларға немесе 40 пайызға қысқарған. Сондай-ақ көмір көлемі де айтарлықтай азайған. Осыған қарамастан бұл тауарлар тобында жалпы экспорт өсуде. Қазір Қазақстан экспортының Қытайға қайта бағытталуы жүріп жатыр.  Ол қытайлық импортердің ресейліктерге қарағанда қолайлы баға ұсынуынан туындап отыр. Қазір олар жан-жақты талдануда. Т

имур Жақсықовтың сөзіне қарағанда, Қазақстандағы Ресей  импорты  бірінші тоқсанда 12 пайызға өсті. Онда  құбырлар 11 есе, автомобильдер 4,2 есе,  темір жол вагондары 3,6 есе артқан.