Қазақстанның республикалық этномәдени бірлестіктерінің өткен президент сайлауы қорытындыларын қолдау жөніндегі мәлімдемесінде осылай делінген.
Еліміздегі этномәдени бірлестіктер сайлау қорытындыларына қолдау білдіре отырып Нұрсұлтан Әбішұлын Мемлекет басшысы лауызымына сайлануымен құттықтайды.
"Бұл сайлау қорытындалары шынайы әрі заңды, халықтың айқын басым көпшілігінің ерік-жігерін білдіреді, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы саясатында Президенттің басшылығымен қол жеткізілген толайым табыстарға негізделген.
Біздің елімізде этностардың, мәдениеттердің түрлі діни сенімдегі адамдардың бірге бейбіт өмір сүруінің бай тәжірибесі қалыптасқан. Осы ерекше тәжірибе біздің бірлігіміздің қайнар көзі болып табылады. Жүргізіліп отырған саясат Қазақстанда тұратын барлық этностардың дәстүрін, мәдениетін және тілдерін жаңғыртуға және дамытуға қажетті барлық жағдайларды жасауда.
Сайлау нәтижесі Қазақстан халқының бірлігін, сондай-ақ елдің тәуелсіздік, бостандық, тұрақтылық және толеранттылық ұғымдарынан тұратын басты қазақстандық құндылықтарды қолдайтындығын дәлелдеп берді. Өзінің жауапкершілігі мен сайлаудың Қазақстан үшін маңызын сезіне отырып этномәдени бірлестіктер өкілдері Президентті қолдау жөніндегі «Біз Қазақстан халқымыз!» атты жалпыреспубликалық электоралдық акциясын барлық облыс орталықтарында өткізді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Нарзарбавтың кандидатурасын қолдай отырып біз ұлттық келісім үлгісін көсеттік, ел бірлігін нығайта түстік және халықтың айқын басым көпшілігінің саяси ерік-жігерін білдірдік деп сенеміз.
Біз өз тағдырымызға қатысты ерікті түрде таңдау жасадық.
Біз бұл шешіміміздің мемлекеттің болашақта тұрақты дамуы, еліміздің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатының артып, өсіп-өркендеуі үшін маңызды әрі қажет екеніне толық сенімдіміз», - дейді республикалық этномәдени бірлестіктері өз мәлімдемесінде.