Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты 21 қаңтарда "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабылған болатын. Бұдан бөлек, кеше сағат 21.40-тан бері "Сарыөзек-Көктал" жолының 45-65 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу енгізген еді. Бүгін таңертең бұл екі жолда да көлік қозғалысы жанданды.
Ал Шығыс Қазақстан облысында кеше "Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары" жолының 6-166 шақырымындағы "Ушанов ауылы-Зырян қаласы" Аралығында жол жабылған болатын. Бұл жол бүгін сағат 09.30-дан бастап ашылды.
Сонымен қатар 21 қаңтар сағат 10.30-дан бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының 54-123 шақырымындағы "Первомайка а.-РФ шекара" аралығында да көліктердің жолға шығуына тыйым салынған еді. Бүгін сағат 07.30-дан бастап көлік қозғалысы жанданды.