«Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Назым Тульчинский бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.
«Бұл көрсеткіш тек сақтандырушылар үшін ғана маңызды емес. Сақтандыру нарығының жағдайы ел экономикасын сипаттайды. Егер адамда, кәсіпкерде не кәсіпорында сақтандыруды сатып алатын қосымша қаражат болмаса онда оның ісі жақсы жүріп жатпағанын көрсетеді», - дейді Н.Тульчинский. Оның айтуынша, сақтандыру ұйымдарының жиынтық активі 2012 жылы 442,6 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға артты. Отандық сақтандыру компанияларының жиынтық жеке капиталы 7,6 пайызға ұлғайып, 239,7 млрд. теңгені құрады.
Сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақысының өсімі 25,8 пайызға артып 237,1 млрд. теңгеге жетті.Ал «Еуразия» сақтандыру компаниясы 11,4 пайыздық үлеспен 27,1 млрд. теңгенің сақтандыру сыйақыларын жинап, өзінің көшбасшылық орнын тағы дәлелдеді. Компания республиканың сақтандыру нарығында активтер, сақтандыру резервтері, жалпы жинақталған сақтандыру сыйақы мөлшері, жеке капитал, жарғылық капитал, сақтандыру төлемдері, нетто-төлем мен таза табыс мөлшері бойынша бірінші орынды иеленуде.