Бұл туралы "Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Үсенов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Капиталды ұлғайту жөніндегі ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің талаптарының қатаюына байланысты сақтандыру нарығы біртіндеп тазарып келеді. Қаңтар айынан бастап сондай-ақ, сақтандыру резерві жөніндегі заң күшіне енді. Осыған орай сақтандыру компанияларының сақтандыру резерві күрт өсті. Сондай-ақ көптеген компаниялар үшін қаңтар шығынды болды», - дейді Талғат Үсенов.
Оның пайымдауынша, биыл компаниялардың капиталы ұлғайып, оған қосымша ресурстар тартылуда. Нарықтағы өткен жылдарда басталған тазару мен шоғырлану биыл да, келесі жылы одан ары жалғаспақ. Мәселен, соңғы жылдары «Темір ат», «НАСКА», «Алтын-полис», «Премьер сақтандыру» сияқты компаниялар өз қызметін тоқтатты. Сонымен қатар «БТА Сақтандыру», «БТА Забота», «Атланта-полис» компаниялары өзара шоғырланды. Мұндай үрдіс алдағы уақытта одан ары жалғаса беретін болады.