«Бүгінде блокчейн технологиясын енгізу бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің блокчейн технологиясын пайдаланып, қосылған құнға арналған салықты әкімшілеу бойынша үлкен жобасы бар», - деді ол.
Санжар Кеттебеков Инновациялық технологиялар паркінің өзге де жобаларына тоқталды. Мәселен, медицина саласында, атап айтқанда онкологияда жасанды интеллекті енгізу жобасы іске қосылмақ.
«Яғни, емдеу хаттамалары, тіпті ауруды диагностикалау жақсара түсуі мүмкін», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар оның айтуынша, еліміздің тау-кен металлургия кешенінде 3D-принтерге арналған ұнтақ өндірісі сынақтан өтіп жатыр.
«Бұл жоғары қосылған құнның үлгісі саналады. Өндірісте алынған бұл ұнтақты болашақта машина жасау саласында қолдануға болады. Біз бұл бағытты Airbus Industries сынды франциялық компаниялармен бірлесіп дамытамыз деп үміттенемін», - деді Санжар Кеттебеков.