«24-25 шілде күндері екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды. Келісімге Сауд Арабиясының азық-түлік секторы жөніндегі вице-президенті Мұхаммед әл-Насар мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің таратқан ақпаратында.
Бұл құжат қазақстандық қой және сиыр етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік бермек.
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі