Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 24 қаңтар күні қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мен барлық аудандарында 1-11 сыныптар аралығында, 1-2 ауысымдар бойынша сабақ тоқтатылды.
Павлодар облысында да 1-11 сыныптар аралығында 1 ауысымдар бойынша сабақ тоқтатылды.
Тілшілер мәлімдегендей, бүгін Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларының 1-11 сынып оқушылары сабаққа барған жоқ.
Астана қаласы, СҚО және Ақмола облысының да 0-11 сыныптары бүгін үйлерінде отыр. Қостанай мектептерінде 0-9 сыныптарға сабақ тоқтатылды. Сонмен қатар, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 15 мектептің бастауыш сыныптары сабақтан босатылды.