деп хабарлайды ҚазАқпарат Клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Seimar Open атты ХІІ гольф чемпионаты - республикалық көлемдегі спорттық жарыс.Бұл чемпионаттың тарихы 1998 жылдан басталды. Осы жылдар ішінде турнирге жанкүйерлер мен кәсіпкерлер көптеп келіп, Қазақстан, Ресей, Корея, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдерден 800-ден астам спортшы қатысты.
2007 жылдан Seimar Open өзгеше мәртебеге ие болды: қазір ол European Challenge Tour негізінде өткізілетін Kazakhstan Open атты Кәсіби гольф турнирінің іріктеу кезеңі болып табылады. Сонымен, Seimar Open ең жақсы ойнаған қазақстандық гольф шеберлері беделді спорттық жарыста біздің елдің атынан қатысу мүмкіндігін алады. Өткен жылы осындай мәртебеге Еркебұлан Башықов (141) және қазақстандық жас ойыншы - Александр Вонгай (143) ие болды. «Nurtau» балалар гольф академиясының тәрбиеленушісі Seimar Open 08 вице-чемпионы болды, ол корейлік спортшы Ким До Юнға(140) жол беріп, European Challenge Tour Kazakhstan Open екінші жолдаманы алды. Сонымен бірге Қазақстанның өткен жылғы чемпионатына тағы бір дарынды жас спортшысы алғаш рет қатысты: қостанайлық гольф мектебінің жас тәрбиеленушісі Роман Морозов (146) бірден екі аталымда жеңіске жетті: «Nearest to the pin» («Айға ең таяу») және «Longest drive» (Ең ұзын соққы»).
Бүгінгі күні Seimar Open турнирі халықаралық бедел алу үшін күрескен дарынды жас спортшылардың болашақ мәре алаңы болып табылады.
Осы жылы Seimar Open турниріне әдеттегідей белгілі спорттық жетістіктері бар және ҚР Гольф федерациясының мүшесі болып табылатын республиканың түрлі академияларының жас гольфшілері қатысуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні спорттың бұл түріне қызығушылық едәуір жоғары және жылдам қарқынмен өсіп жатыр. Тек қана Алматыда бұл спорт түрімен жасы 3-тен 18-ге дейінгі 300-дей жасөспірімдер шұғылданып жатыр, ал «Nurtau» гольф-акдемиясында олардың көбісінің тегін айналысуға мүмкіндігі бар.