Бұл туралы бүгін елордада аяқталған жедел шахматтан және блицтен әлем чемпионатының қорытынды баяпасөз мәслихатында FIDE Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов айтты.
Оның пайымынша, еліміздің әйелдер құрамасы ерлер құрамасына қарағанда 2 сатыға жоғары тұр. «Олар Азия чемпионатында, әлем чемпионаттарында өздерін көрсетіп жүр. Менің ойымша, таяу олимпиадалардың бірінде Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы алтын медаль алып қалар», - деді ол.
Сонымен қатар FIDE президенті елімізде әйелдер мен ерлер шахматын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғандығына сүйсінетінін жасырмады.
«Бұл жерде керемет жағдай жасалған. Президент те, Үкімет те, министр де, журналистер де жан-жақты қолдау көрсетуде. Енді тек шахмат ойнап, алтын медаль иелену ғана қалды», - деді К.Илмжинов.