Қазақстанның шаңғышылар командасы Әлем кубогының эстафетасында 14-ші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехияның Нове-Место-на-Мораве қаласында өткен Әлем кубогының 10-кезеңінде 4×7.5 километр қашықтықтағы ерлер эстафетасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші орында - Норвегия, Ресей командасы - екінші, үздік үштікті Италия командасы аяқтайды.

Қазақстанның құрамында Алексей Полторанин, Сергей Малышев, Ринат Мухин, Евгений Величколардан тұратын командасы 18 команда арасында 14-ші орынға тұрақтады.

Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. 10-кезең. Нове-Место-на-Мораве (Чехия)
Ерлер. 4×7.5 км эстафетасы (2×7.5 км классикалық стильде 2×7.5 км еркін стильде).

1. Норвегия - 1:08:29.0
2. Ресей - 6.0
3. Италия - 54.3

14. Қазақстан - 3:26.7.