САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының соңғы күні шаңғышыларымыз бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Ерлер құрамасы VІІІ қысқы Азия ойындарындағы шаңғыдан соңғы жарысы 30 шақырымдық еркін стилде өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде жарысты бір күміс, бір қола медальмен аяқтады. Күмісті Сергей Черепанов жеңіп алса, қолаға Николай Чеботько ие болды.
Бұл сайыста алтын Жапония спортшысына бұйырды.
Масс-старт. Ерлер. 30 шақырым:
1. Акира Лехтинг (Жапния) - 1:22:54.0
2. Сергей Черепанов (Қазақстан) - 0.0
3. Николай Чеботько (Қазақстан) - 2.3
4. Ердос Ахмадиев (Қазақстан) - 5.4.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.