Әскери парад кезінде шекарашылардың «Ми-171Ш» тікұшағы мен «Ан-74» және «Ан-26» ұшақтары «Сына» («Клин») әскери тәртібімен ұшып өтетін болады.
Қазіргі уақытта әуе экипаждары үлкен дайындық үстінде. Шекаралық ұшқыштар әуедегі ара қашықтық, биіктік, уақытты есептеу жағынан инженерлік-штурмандық есептерін, ұшқыштық шеберліктерін шыңдай түсуде.
Парадқа қатысатындарды іріктеу, дайындау жұмыстары алдын ала басталғанымен, әскери парад болатын уақыт жақындаған сайын жаттығулар өте үлкен жауапкершілікпен өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары Жеңіс күніндегі әскери парад кезінде шекаралық ұшқыштардың әуедегі шеберлігін тамашалайтын болады.