деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеттің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, ақпанның 5-і күні "Қордай" шекарашылар отрядының жасағы Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған "Ниссан" автокөлігін тексеру барысында жалпы салмағы 6 келі 828 грамм героин тәркіледі, - делінген комитеттің хабарламасында.
Сондай-ақ, ақпанның 6-сы күні "Мерке" шекарашылар отрядының шекарашылар жасағы Қазақстанға автокөлікпен бет алған Қырғызстан азаматын ұстады. "Оның заттарын тексеру барысында астары бар сөмкеден жалпы салмағы 2 келі 506 грамм героин тәркіленді", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.