бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15-12-де (Гринвич уақыты бойынша сағат 09.12-де) Қытайдың аумағында, Қазақстанның шекарасынан 80 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы: солтүстік ендігінің 46,76 градусы, шығыс бойлығының 86,68 градусында орналасқан.. Магнитудасы mb=4,1 құрады. Энергетикалық класы - K=10.