Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарлар талқыланды. Сондай-ақ, 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы сөз болды.
16:21, 25 Қазан 2019
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.