деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің метеорологтарына сілтеме жасап.
Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстанда, ал күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстанда, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаң борап, желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 0-2 градус суық болады. Ал Маңғыстау, Атырауда аптап ыстық сақталады.
Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында, батысы мен шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Синоптиктердің мәліметтері бойынша, таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы тау өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Іле өзенімен Қапшағай су қоймасына келетін судың көлемі одан ары азаюы мүмкін.