Қазақстанның шығысында 1 мамырда кей жерлерде жаңбыр жаууы, жел күшеюі, найзағай ойнауы күтіледі

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Республиканың шығыс жағы циклонның және атмосфералық ағындардың ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді, найзағай ойнайды.

Қалған аумақта антициклонның әсерімен күн ашық болып, ауаның температурасы аздап төмендеуі күтіледі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында таңертең және күндіз, Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.