Қазақстанның шығысында күн жылынса, батыста қар аралас жаңбыр күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-7 сәуір күндері республиканың шығысында күн жылынса, батысында керісінше, суытатыны болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстан аумағына жылжып келген суық антициклон біршама облыстағы ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Алдағы күндерде атмосфералық құбылыстар қайта қалыптасып, республикаға Иран аумағынан жылжыған жылы ауа массалары келеді. Солардың ықпалынан республиканың шығыс бөлігінде ауа температурасы көтеріле түседі», - делінген хабарламада.

Батыс облыстарға Еділ өзені маңынан жылжыған ауа ағындары салдарынан жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен болады.