жауады, найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін соғуы, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, бұршақ түсуі мүмкін, Ақтөбе облысында кейбір жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі.
Қызылорда облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Республиканың оңтүстігі мен батысында күн қатты ыстық болады.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Шығыстың таулы өзендерінде жаңбырға байланысты су деңгейінің көтерілуі жалғасады.