Қазақстанның СІМ мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арасында жобалық құжатқа қол қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қазанда ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілі Стивен Туллмен «Қазақстанда ресми көмектің ұлттық жүйесін қалыптасыруға сараптамалық қолдау» туралы жобалық құжатқа қол қояды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Қол қою рәсімі шетел дипломатиялық өкілдіктерінің, халықаралық ұйым бсшыларының қатысуымен, ҚР СІМ ғимаратында өтеді.