Қазақстанның Словакиядағы Елшісі тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.