көбінесе жаңбыр түріндегі жауын-шашын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында - кейбір жерлерде тұман, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, Қостанай обысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Жақын тәуліктерде БҚО бойынша Орал, Есіл, Тобыл өзендерінде мұзқатқысының одан әрі әлсіреуі мен бұзылуы күтіледі.
ШҚО-ның өзендері мен жылғаларында сең жүрулер жалғасып, бұл ретте су деңгейлерінің күрт көтерілуі, беткейлік ағулардың құрылуы, мұз бөгелістері, тасқындар мен су басулар болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейінің ауытқулары байқалады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының өзендерінде тасқындар күшейіп, су деңгейінің көтерілуі күтіліп отыр.