«Өздеріңізге мәлім, қазір дүниежүзі бойынша Атом электр стансасынан шығарылатын энергияның құны ең тиімді болып табылады. Екіншіден, салынып жатқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасы бойынша алдымен оңтүстіктегі елді мекендерге газды тартуды қамтып отыр. Бұдан артылған газды экспорттауды жоспарлап отырмыз. Негізінен, Павлодар облысында шығарылатын көмірдің де құны арзан болуына байланысты, Екібастұзда шығаратын электр энергиясы өте тиімді. Сондықтан, солтүстік пен шығыс өңірлерге электр қуатын тарту үшін ең тиімдісі осы АЭС деп ойлаймыз», - деп атап өтті Мырзағалиев.