Қазақстанның солтүстігі мен шығысында боран болады - Қазгидромет

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамы бойынша, жұма, 24 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында боран болады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап.

Павлодар облысында боран көтеріліп, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа, кей жерлерде 25 метр/секундқа дейін жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде де боран, тұман, көктайғақ күтілуде, желдің екпіні 17-22 метр/секундқа дейін күшеюі мүмкін.

Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында - кей жерлерде боран болады, желдің жылдамдығы - 23 метр/секундқа дейін күшейеді, делінген хабарламада.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болса, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде тұман болады.

Алматының облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 метр/секундқа дейін күшейеді деп күтілуде.