Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола облысында кейбір жерлерде тұман тұрып, көктайғақ болады, Павлодар облысында бұрқасын болып, секундына 15-20 метрлік жел тұрады. Солтүстік Қазақстан өңірінде кейбір жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі.
Ақтөбе өңірінде кей жерлерде тұман болып, күндіз жел күші секундына 15-20 метерге жетеді.
Қостанай облысында тұман, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жел күші 17-22 метрге дейін жетеді.
Алматы облысында түнде кейбір жерлерде тұман, ал Жалаңашкөл ауданында - секундына 17-22 метрлік оңтүстік-шығыс желі еседі.