деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Метеорологтардың болжауынша, СҚО-ның кей жерлеріне тұман түседі. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдарға тәуелді болады. Соның салдарынан кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында өрт қаупі сақталады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.
Астанада ертең күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан ескен желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 11 13, күндіз 22 24 градус шамасында.