Ақмола, Солтүстік Қазақсан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде күн тұманды болады. Солтүстікте кей жерлерде 0-2 градусқа дейін қатқақ болады. .
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында, және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Таяудағы тәуліктерде оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыс аймақтардағы тау өзендерінде гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды.