Қазақстанның солтүстігінде көмір тиелген 9 вагон жолдан шығып кетті, қаза тапқандар жоқ
09:39, 16 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Белоградовка - Ақсуат (Пресногорьковская және Новоишимская стансыларының арасындағы) стансыларының арасындағы 220 шақырымда Екібастұз-2 - Свердловск бағытында көмір тиелген 9 жүк вагоны рельстан шығып кетті,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
№ 1612 жүк пойызының құрамында 66 вагон болған, оның ішінде 2 вагон қырымен құлап, 7-еуі жолдан шығып кеткен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады ҚР ТЖМ.