«Жаңбыр бұлттары мен жаңа ауа массалары циклон ішіне қарай ойыса түседі. Елдің оңтүстік жартысында әлсіз циклон салдарынан күн құрғақ және ыстық болады», - делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
батыста түнде 10 18 градустан 8 16°С-қа дейін, күндіз 23 31 градустан 17 25°С-қа,
солтүстік-батыста түнде 15 23 градустан 10 18°С-қа дейін, күндіз 27 35-тен 21 28 °С-қа дейін,
елдің солтүстігінде 15 23 градустан 8 16 °С-қа дейін, күндіз 25 35-тен 17 25°С-қа дейін,
республиканың орталығында негізгі фон түнде 10 22°С, күндіз 30 38°С-қа төмендеуі ықтимал.
Еліміздің шығысында түнде 4 15 градустан 10 18°С-қа дейін, күндіз 22 27 градустан 30 38°С-қа дейін температура көтерілуі мүмкін.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 15 25°С, күндіз 30 40°С болады.