Синоптиктердің деректеріне сүйенсек, еліміздің бұл аймағында күн күркіреп, күндізгі температура 15... 23º-тан аспайды, бұл аталмыш маусымдағы қалыпты жағдайдан 3-8º-қа төмен.
Қазақстанның шығысы мен батысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы 30... 38º-қа дейін көтеріледі.
Бейсенбі, 24 шілдеде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-25 м/с-қа жетеді.