Қазақстанның солтүстігінде түнгі қатқақ тағы екі тәулік бойы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2016 жылдың 2-4 маусым күндеріне ауа райы болжамын хабарлады.

Синоптиктердің атап өтуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарына ауысқан антициклон түнгі ауа температурасының төмендеуіне алып келді. Алдағы екі тәулікте оның әсері сақталып, түнгі қатқақ та сақталады.

«Қазақстанның қалған аумағы атмосфералық ағындардың әсерінде болады, сонымен бірге кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбырлар мен екпінді жел күтіліп отыр, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі ықтимал. Ауаның температурасы орташа көпжылдық мәндері төңірегінде, солтүстік облыстарда - олардан төмен болады деп шамалануда», - делінген хабарламада.