Қазақстанның солтүстік аудандарында күн суытады

АНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына атмосфералық ағындар ықпал етіп, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел соғады, солтүстік аумақта түнде кейбір жерлерде күн суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысында, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаң борап, күшті жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні секундына 15-22 метрге жететін жел соғады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының кей желерінде тұман түсіп, түнде 3 градусқа дейін суытады, күндіз жел қуаты секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде - 2 градусқа дейін суытады.

Таяу тәулікте қатты жаңбыр жаууына байланысты Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының тау өзендерінде су тасуы күтілуде. Ал Шығыс Қазақстан облысының Батыс Алтай өзендерінің кейбірінде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.