Қазақстанның солтүстік өңірлерінде сейсенбі күні қар жауып, бұрқасындатады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты сейсенбі күні елдің солтүстігі мен солтүстік батысында қар жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, кактайғақ болып жел күшейеді. Оңтүстікте құмды дауыл тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, облыстарында бұрқасын болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін арта түседі, Қызылорда облысында құмды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, түнде және таң ата тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы облысында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар