Қазақстанның солтүстік өңірлеріне Ресейден қауіп төнуі мүмкін емес – Мұхтар Тілеуберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның солтүстік өңірлеріне Ресейден қауіп төнуі мүмкін емес. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей мен Қазақстан арасында қажетті құқықтық база бар. Шекарамыз делимитациядан өтті. Қазір демаркация процесі жүріп жатыр. Демаркация процесі 2-3 жылдың ішінде жасалады», - деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді тілшілер сауалына.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей тарапынан Қазақстанға жерге қатысты ешқандай талап болмайтындығы ең жоғары деңгейде расталғанын атап өтті.