Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
«Әрине, қосымша сабақтар болады. Болмаған сабақтардың барлығы (ауа райына байланысты - агенттіктің түсіндірмесі) болады. Көктемгі демалыс та болады», деп сендірді министр.
Соңғы апталарда республиканың солтүстігі мен шығысында қатты аязға байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды. Мысалы, қаңтардың 21-і түнде Шығыс Қазақстанда термометр бағамы - 42 градусқа дейін, Зырян және Көкпекті аудандарында - 45 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.