«Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы және елдің барша спорт қоғамдастығы ауыр және орны толмас қаза - ауыр атлетикадан Алматы қаласының аға бапкері, Қазақстанның ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Өтешев Данияр Әмірұлының 46 жасында мезгілсіз өмірден озуына байланысты оның туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі таратқан хабарламада.
13:25, 29 Сәуір 2013
Қазақстанның спорт қоғамдастығы Данияр Өтешевтің қаза болуына орай оның туған-туысқандарына көңіл айтты
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның спорт қоғамдастығы ауыр атлетикадан Қазақстанның ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Данияр Өтешевтің қаза болуына орай оның туғандары мен жақындарына қайғыларына ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады.