Қазақстанның Спорт министрлігі Халықаралық спорттық төрелік соттан А.Винокуровты веложарыстарға жіберу туралы ресми хат күтуде

АСТАНА.   Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -  Қазақстанның  Туризм және спорт министрлігі   Александр  Винокуровты   веложарыстарға     қатыстыру  туралы  ресми хат күтіп  отыр.

Бұл  туралы     Спорт  комитетінің бас  маманы Елдос  Чекенов мәлім етті.

«Халықаралық спорттық арбитраждық  соттың   мәліметі  бойынша, Винокуров    ағымдағы жылдың  шілде айының 27-сіне дейін веложарыстарға қатысудан шеттетілген.  Қазір    біз    ол жақтан  ресми   қағаздар (шешім) күтіп  отырмыз.   Құжаттардың  электрондық үлгілері  қолымызда»,  деп түсіндірді Елдос  Чекенов.

«Спортшы   Қазақстанның атынан  өнер көрсетуге  ниет  білдірді. Бірақ қай командаға  баратыны әзірге белгісіз.   «Астанаға»  барып қалатын   шығар»,  -деп   пайымдайды Спорт  комитетінің бас  маманы.

Спортшыны  екі  жылға  жарысқа қатыстырмау  туралы   шешімнің күші   2009 жылы  шілденң 24-інде    бітетіні  туралы  ақпараттар спорттық интернет-ресурстарда  пайда  болған  еді.     Винокуров    қан допингі  үшін 2007  жылдың   желтоқсан   айында   жарыстардан шеттетілген болатын.