Тәуелсіздік алғаннан кейін елдің үздік хоккейшісін анықтаумен директорат айналысып келді. Оның басшысы танымал хоккей репортері, «Қазақстан хоккейі» тұңғыш журналының негізін қалаған Максим Карташев болды. Өкінішке қарай, М.Карташев өткен жылдың желтоқсан айында 50 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Бұл жолы жылдың үздік хоккейшісін анықтауды Қазақстанның Спорт баспасөзі федерациясының басшысы Ілияс Омаров өз мойнына алды.
Осымен 31-рет өткен сауалнамаға 32 отандық журналист қатысты. Олардың әрқайсысына өткен маусымдағы ең мықты үш ойыншыны анықтау ұсынылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша 2021-2022 жылғы маусымда Қазақстанның үздік хоккейшісі болып Никита Михайлис (62 ұпай) атанды. Екінші орынды Валерий Орехов (32 ұпай), үшінші орынды Роман Старченко (19 ұпай) иеленді.
Никита Михайлис – елордалық «Барыс» хоккейшісі. Ол өткен маусымда ҚХЛ үздік сұрмергені атанған.
Фото: ҚР Спорт баспасөзі федерациясы