Қазақстанның су айдындарын аулардан тазарту акциясы өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның 72 су айдыны мен учаскесінде экологиялық акция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚұрметтіНұр-Сұлтан қаласының тұрғындары! Қазақстан Республикасы Экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен 2019 жылғы 17 тамызда Қазақстанның72 су айдыны мен учаскесінде «Аулардан таза - су айдындары» атты экологиялықакция өтеді. Акцияның мақсаты – су айдындарды тастап кеткен және заңсызқойылған аулардан тазалау. Шараға облыстық орман шаруашылығы және жануарлардүниесі аумақтық инспекция мамандары, жергілікті мемлекеттік органдар, балықшаруашылығы субъектілері, орман шаруашылықтары, экологиялық ұйымдар,белсенділер мен еріктілер қатысады», - деп хабарлады аталғаш министрліккеқарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Акцияныңөтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылдық округі, Тайтөбепоселкесі (Нұра өзені), Нұра демалыс орнының маңы. Шара сағат 09:00-дебасталады.

Соңғы жаңалықтар